home home

Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетімбаланы (жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы

Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі119-б. сәйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оқыту мақсатында, сондай-ақ олардың мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленедi.
Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетімбаланы (жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы тағайындау қағидаларын және оны төлеу мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 383 Қаулысына сәйкес балаларға қамқорлыққа алған кезден бастап қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетімбалаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-бағуға жәрдемақы он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ата-анасының қайтысболуына, ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-аналары хабарсыз кеткен деп танылуына, олардың қайтыс болған деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз, әрекет қабiлетiшектелген деп танылуына, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының іздестірілуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын стационарлық үлгідегі тәрбиелеу, емдеу және медициналық-әлеуметтік мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты төленеді.
Орган қамқорлықтағы балалардыкүтіп-бағуға жәрдемақының пайдаланылуын бақылауды жылына 2 рет жүзеге асырады.
Қамқорлықтағы балаларды күтіп-бағуға жәрдемақы мынадай:
      1) баланың жетімбалалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемеде, стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде толық мемлекеттік қамтамасыз етуде тұрған;
2) баланың орташа айлық табысының сомасы тиісті облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы жетімбалалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі баланыкүтіп-бағуға арналған орташа айлық шығыстардың сомасынан артқан;
3) ата-аналарының өз баласын жеке өздері тәрбиелеуді және күтіп-бағуды жүзеге асыруға мүмкіндіктері болған, бірақ оны басқа адамдарға (ұзақ мерзімді қызметтік іс-сапарларда, балалармен бөлект ұратын, бірақ оларды күтіп-бағуға және тәрбиелеуге жағдайлары бар) қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа өз еркімен берген жағдайларда тағайындалмайды.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы