home home

Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін айлық ақша қаражаты

«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384 Қаулысына сәйкес патронатны санындағы қорғаншылық немесе қамқоршылық кәмелетке толмаған жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы, медициналық немесе басқа да ұйымдардағы балаларға белгіленеді.
Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы күтіп-бағуға төленеді:
1.патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді жүзеге асыру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 381 Қаулысына сәйкес баланы күтіп-бағуға ай сайын келесі мөлшерде:     
1) мектеп жасына дейiнгi бiр бала үшiн тамақтану – 6 айлық есептiк көрсеткiш;
2) мектеп жасындағы бiр бала үшiн тамақтану – 7 айлық есептiк көрсеткiш;
3) бiр баланың киiм-кешегi, аяқ киiмi және жұмсақ мүкәммалы – 3 айлық есептiк көрсеткiш.
2. ай сайын еңбекақы («Азаматтыққызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына, «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына сәйкес) төленеді.
Орган патронат тәрбиешiлергеберiлгенбаланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатының жұмсалуын бақылауды жылына кемінде 2 рет жүргізеді.
Патронаттық тәрбие туралы шарт тәрбиеге берілетін баланың тұрғылықты жері бойынша патронатты тәрбиеші мен қорғаншылық пен қамқорлық органының арасында жасалады.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сәйкес аталған ақшалай қаржы мен еңбек ақыны төлеу функциясы 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарының қарамағына берілді.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы