home home

Бала асырап алуға тілек білдіргендерге арналған құжаттардың тізімі

(Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың 16 қаңтардағы № 15 бұйрығына сәйкес)
        Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша органға бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі (еркін нысанда);
      3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтама, бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін және басқа да табыстар туралы анықтама);
      4) отбасы жағдайы туралы анықтама (неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі), балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері (балалар болған жағдайда));
      5) Кодекстің 91-бабының 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес науқастығының жоқтығын растайтын денсаулық туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 (Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк реестрiнде № 6697 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;
      6) Тұлғаның қылмыс жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебінде тұрғаны жөнінде мәліметтің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
      7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

 


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы