home home

Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері ашылды

Облыста мемлекеттік балалар мекемелерінде мыңнан астам жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді. Бұл цифр жыл сайын азаюда.
2014-2016 жылдар аралығында облыста 5 балалар үйі жабылды.
Басты себеп – бүгінгі күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  қазақстандық азаматтардың отбасына орналастырудың баламалы отбасы үлгісіндегі балалар үйі, қабылдаушы отбасы және патронат отбасы түріндегі нысандарын дамыту бойынша мақсатты түрде жұмыс жүргізілуде.
2017 жылы жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша Қарағанды қаласында 2 отбасы үлгісіндегі балалар үйі, Балқаш қаласында 1 отбасы үлгісіндегі балалар үйі және отбасылық үлгідегі қабылдау отбасы Жезқазған қаласында ашылды. Әр отбасында төрт баладан тәрбиеленуде.
Асырап алушы ата-аналар «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес еңбекақы алатын болады.
Барлық асырап алушы ата-аналардың балалармен жұмыс тәжірибесі бар. Отбасылық үлгідегі балалар үйлерін ашуға дейін асырап алушы ата-аналар жетім балаларды патронаттық тәрбиеге алған болатын.

 

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы