home home

Қарағанды облысында арнайы (түзету) білім беру

Даму мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту, тәлім-тәрбие беру жалпы білім жүйесінің ажырамас құрамдас бөлімі болып табылады және жалпы білім беру мақсатымен бірдей: өздігінен жүзеге асыруға негіз болатын мен әлеуметтендіру сапасын арттыру, оқушымен барынша жетістіктерге жету.
Қарағанды облысында арнайы (түзету) білім беру желісі әр түрлі  дәрежедегі  ақыл-ой және физикалық дамуы артта қалған балаларға білім беру үшін 16 түзету білім беру ұйымы жұмылдырылған, ұйымдастыру құрылымы жағынан  әр түрлі  бағытта:
-  арнайы ( түзету)  мектеп –интернаты  – 10;
-  психологиялық –педагогикалық түзету кабинеті  – 3;
- дамуында кемістіктері бар балаларға арналған «Үміт» облыстық оңалту   
  орталығы -1.
Балаларды оқыту  6 түрлі кемістік бойынша  10 мектеп –интернатында жүзеге асырылады:
- есту қабілеті бұзылған балаларға арналған  – 1 ( Қарағанды қ.);
- көзі кеміс балаларға арналған   – 1 (Қарағанды қ.);
- тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған  – 1 (Қарағанды қ.);
- күрделі  тіл кемістігі бар балаларға арналған  – 1 (Теміртау қ.);
- психикалық  дамуы тежелген балаларға арналған – 1 (Қарағанды қ.);
-интеллектісі бұзылған балаларға арналған–5(Қарағанды,Теміртау, Балқаш, Шахтинск, Саран қалалары).       
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы (ПМПК) – 2.
Арнайы (түзету)  мектеп- интернаттарында  білім алатын  балалар саны 1550 адамды құрайды, олардың  ішінде:
    -  көзі кеміс – 126;
    -  есту қабілеті бұзылған  – 160;
    -  тірек-қимыл аппараты бұзылған – 162;
    -  тіл кемістігі – 123;
    -  психикалық дамуы тежелген – 219;
    -  ақыл-ой дамуы  артта қалған– 760.
  2014 жылғымен салыстырғанда білім алушылар саны 22 адамға қысқарған, себебі жалпы білім беру мектептерінде инклюзивті білім беру тәжірибесінің енгізілуімен байланысты.  
Екі психологиялық-медициналық педагогикалық консультациясында (Қарағанды, Жезқазған қалаларында)2015 жылы 6 077 бала мамандардан  консультативтік  көмек  алған, ал 2014 жылы-4620.
  Дамуында кемістіктері бар  балаларға арналған «Үміт» облыстық оңалту  орталығында  2015 жылы  176 бала  оңалту кезеңінен өтті,2014 жылы -150.
Қарағанды қ., Жаңаарқа және Осакаров аудандарында  3 психологиялық-педагогикалық түзету 3 кабинетінде 2015 жылы 195 бала консультативтік көмек алса, 2014 жылы- 173

Білім беру ұйымдарында логопунктерді 92-ден 112-ге дейін көбейту салдарынан  балалар санын ұлғайтуға  септігін тигізді, 3652 -ден 4415  дейін  логопедиялық көмек  алған.
Жаппай білім беру оқу орындарында  арнайы түзету  білім беруде  қайта бағдарлау жүйесін ықпалдастық формасына алмастыру түзетушілік-дамытушылық сыныбы мен арнайы мектеп-интернатта білім алатын балалар санын қысқартуға  ықпал етеді.
Бірақ,  мүгедек балалар саны көбеюде ( 2015 жылы 4672 адам, 2014ж, -4494 адам). Осыған байланысты  шамамен 3 ПМПК және психологиялық-педагогикалық түзету  кабинетін  ашу сұранысы туындап отыр.
Сонымен қатар,  балаларды психологиялық-педагогикалық оңалту үшін кәсіби мамандар тапшы. 
  Жоғары білікті арнайы білім беру кадрларлармен қамтамасыз ету 68 % құрайды (2014 год – 62 %).

Міндеттері:
1. Балалар мен жасөспірімдердің  психикалық саламаттылығын  қамтамасыз етіп, арнайы әлеуметтік  қызмет көрсету бойынша  жергілікті атқару органдарына  берілуіне байланысты облыс аймақтарында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті желісін  кеңейтуді  қарастыру. 
2. Мүгедек балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мен әлеуметтік  қолдауды күшейту мақсатында мемлекеттік әлеуметтік  тапсырысты  жүзеге асыруға  қаражаттар бөлуді қамтамасыз  ету. 
3. Даму мүмкіндігі  шектелген балаларды  59-дан 60,1% дейін  арнайы білім беру  бағдарламасымен қамтуды ұлғайту.
4.Арнайы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын  нығайтуға  қаражаттар бөлуді  қамтамасыз ету. 
5. Даму мүмкіндігі шектелген  балалар туралы толыққанды  дұрыс ақпарат көзін қалыптастырып, алғашқы балалар мүгедектігін  алдын алу және оңалту, тиімді ведомствоаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында  әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау, білім басқармасы арасында меморандум жасасу. 

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы