home home

21 наурыз – Халықаралық Даун синдромы бар адам күні.

Шахтинск қаласының «№ 1 ДМШ балаларға арналған жалпы білім беретін орта мектеп – интернат» базасында 18 наурызда Қарағанды облыстық ПМПК Шахтинск қаласының педагогикалық қоғамы үшін Халықаралық Даун синдромы бар адам күніне арналған практикум - семинар өткізді.
ОПМПК-ның Шахтинск қаласы білім бөлімімен,  «№ 1 ДМШ балаларға арналған жалпы білім беретін орта мектеп – интернат» басшысы және  ұжымымен серіктестік арқасында Шахтинск қаласының 25 маманы, яғни жалпы білім беру мектебі мұғалімдері, психолог – педагогтар, логопед – мұғалімдер, дәрігерлер практикум – семинарға қатысты.
Бұл күн – 21 наурыз, VI симпозиумға қатысушылардың ұсынысымен 2006 жылға күнтізбеге Халықаралық Даун синдромы бар адамдарға арналған күн болып енді.   Бұл Даун синдромының символдық белгісі, оның себебі бір хромосоманың трисомиясы, бұл аурумен ауыратын адамның 21-ші хромосомасы үш көшірмеде болады. «Күнтізбе тіліне» аударғанда үшінші айдың 21-күні болып шықты. ОПМПК меңгерушісі Ержолова Ж.А., әдіскерлер Сабирова А.К. және Бакмаганбетова Б.Н., психиатр - дәрігер Караваева А.В.,  дефектолог - мұғалім Конкаков М.Д. қысқа мерзім ішінде өткен семинар барысында қатысушылардың Даун синдромы бар адамның ерекшеліктері бойынша негізгі білім алуына, Даун синдромы бар адамға құрметпен қарау керектігін түсінуіне,  Даун синдромды балаларға және олардың отбасыларына қандай педагогикалық көмек пен қолдау көрсету туралы білімдерін толықтыруларына жағдай жасады.  Өткізілген кіріспе диагностиканың арқасында семинарға қатысушылардың басым көпшілігінің Даун синдромы бар баланың ерекшеліктері мен мүмкіншіліктері туралы жеткілікті біле бермейтіндігі анықталды.  Семинарға қатысушылармен өткізілген қорытынды рефлексия олардың білімдерінің қаншалықты кеңейгенін, бастапқы түсініктерінің өзгергендігін байқатты.  «Хабарландыру» қорытынды жаттығуы барысында қатысушылар топқа бірігіп,  Даун синдромы бар адамдар туралы  қоғамға бағытталған хабарландырулар жасады, бұл егерде дұрыс ағартушылық жұмыс жүргізілсе,  қоғамның инклюзивтік жаққа қарай ауысу мүмкіндігін анық көрсетті. Біз, ОПМПК мандары және Шахтинск қаласының семинарға қатысушылары Даун синдромы бар балалар мен ересектер «Адам сияқты адамдар, тек Даун синдромы бар» - деп, нақты айтамыз және де қосарымыз «Тек шуақты!».

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы