home home

2 сәуір – Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні 2007 жылғы 18 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілді және 2008 жылдан бастап жыл сайын 2 сәуірде атап өтіледі.
Осы іс – шара аумағында Қарағанды облыстық ПМПК 01.04.2016 ж.  Саран қаласының «Колобок» балабақшасы базасында аутизмнің кеңінен таралуына, аутист адамдардың және олардың отбасыларының проблемаларына назар аударту, білім беру ұйымдарында аутист балалар мен олардың отбасыларына медициналық – психологиялық – педагогикалық жетекшілік ету бойынша ұсыныстар жасау мақсатымен  практикалық – семинар өткізді
Семинар жұмысына мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарының 26 қызметкерлері қатысты: тәрбиешілер, психологтар, әлеуметтік педагогтар, бастауыш сынып мұғалімдері, логопед – мұғалімдер мен дефектолог – мұғалімдер.
Семинарда ОПМПК мамандары қатысушыларға аутизмі бар балалардың проблемалары, шығу көзі, ерекшеліктері, байқалуы туралы теориялық білім негіздерін жеткізді, аутист балалардың тұлғасын дамыту мен түзетудің, олардың отбасына көмек берудің әдіс – тәсілдерімен таныстырды.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы