home home

Өз өмірлерінің жаратушылары

2016 жылдың 25 сәуір күні «Теміртау тарихи-өлкетану  мұражайы» КМҚК залдарында Қарағанды облысы білім басқармасының «Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық №2 арнайы мектеп-интернаты» тәрбиеленушілерінің «Өз өмірлерінің жаратушылары» айрықша білім қажеттіліктері бар  балалар шығармашылығының көрмесінің ашылуы өтті.
Еңбекке баулу, оқу пәні сияқты, тәрбиеленушілердің мәдени және тұлғалық қалыптасу жағдайын құру үшін зор мүмкіншіліктерге ие.  Әртүрлі техникаларда орындалған 60 аса жұмыстарды, «Айналайын» балалар үйлерінен, SOS Балалар ауылы және и Сөйлеуден зақым алған балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттан жас қонақтары көрді. Баланың жылы және жұмсақ киізбен, тұздалған қамырмен,  атлас ленталарымен сөйлесуі – бұл оның жаны, сезімдері, оны қоршаған әлемге деген көзқарасы. Көрмеге – балалардың қала деңгейіне бірінші шығулары. Алайда балалар көптеген облыстық және республикалық айрықша білім қажеттіліктері бар балалар шығармашылығының сайыстар мен фестивальдерінің дипломанттары мен жүлдегерлері.
Мектептегі іс-шарада мұғалім-дефектологтар А.К. Адимова, Л.В. Курлыкова педагогикалық шеберліктерін көрсетті, көрменің саналы шабыттандырушысы мұғалімдердің әлеуметтік бейімдеу мен еңбекті оңалту әдістемелік бірлестік жетекшісі  Масакова Оксана Игоревна.
Көрменің ашылуы «Шеберлер қаласы» шығармашылық сурет пен қолдан жасалған бұйымдар құру туралы бейнеролик көрсетумен, сондай-ақ жас туындыгерлердің би, әндерімен жалғасты.
«Шеберлер қаласы» бойынша мектеп-интернат директоры Исатаева С.Р. және жас көрермендер Театрының директоры Дроздецкий В.В. саяхат туралы жарқын әсерлерімен бөлісті. Жас шеберлер оқитын мектеп-интернат директоры, Бесжигитова Салтанат Тулегеновна барлық қатысушыларға, бақытты күлкі мен жайнаған көздер Мерекесіне қолдау көрсеткендеріне ризашылығын білдірді.
Іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен өтті.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы