home home

2017 жылғы 31 мамырда Қарағанды облыстық психологиялық – медициналық педагогикалық кеңесі семинар өткізді

2017 жылғы 31 мамырда Қарағанды облыстық психологиялық – медициналық педагогикалық кеңесі Қарқаралы ауданының педагогтарына «Жалпы білім беру мектептерінде инклюзивтік практиканы енгізу» тақырыбына семинар өткізді.  Семинардың мақсаты – облыстың педагогикалық қауымымен инклюзивті білім беру жүйесі бойынша ағартушылық  жұмыс жүргізу.
Семинарға Қарқаралы ауданы мектептерінің 32 маманы қатысты, оның ішінде мектеп директорлары, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары, дефектологтар, психологтар, логопедтер, мұғалімдер және медициналық қызметкерлер болды.
Семинар барысында ОПМПК әдіскерлері, Б.Н. Бакмаганбетова, Сабирова А.К., психиатр – дәрігер А.В. Караваева, сурдопедагог Р.К. Кайралапова инклюзивтік білім беруді жүзеге асырудың заңнамалық негізін қатысушылардың естеріне салды, ЕБҚ бар балалар санатын анықтау бойынша ой қозғау өткізді.  Сонымен қатар білім беру ортасындағы АСБ және ЕБА бар балалардың ерекшеліктерімен, балалардың интеллектуалдық сферасындағы бұзылыстардың варианттарымен, жалпы білім беру мектептерінде оқытылуда қиындықтары туындайтын балаларға психологиялық – педагогикалық қолдау көрсету ерекшеліктерімен таныстырды. Жасалған баяндамалар материалдары мен ой қозғауды талдау барысында инклюзивтік білім беруді жүзеге асырудың көптеген спецификалық аспектілері айқындалды, атап айтқанда ПМПК қорытындысына сәйкес ЕБҚ бар балаларға ОПМПК-ң білім беру қызметін іске асыру. Рефлексия барысында семинарға қатысушылар ұсынылған ақпараттардың мазмұнды, түсінікті болғандығын атап өтті. Тыңдаушылардың барлық сұрақтарына нақты және толық жауап берілді.  Семинарға қатысушылар ОПМПК-ң қызметі және инклюзивтік білім беруді жүзеге асыруға қажетті жағдайлар туралы дұрыс түсінік алды. 
Өткізілген шара семинарлар өткізудің өзектілігін және де педагогтардың ОПМПК қызметінің ерекшеліктерімен танысуына, кері байланысты орнатуға көмегін тигізетіндігін, ЕБҚ бар балалардың оқытылуы мен дамытылуын ұйымдастырудың  көптеген аспектілерін түсіндіретіндігін байқатты.
ОПМПК ұжымы семинарды өткізуді ұйымдастыруда көмек көрсеткен Қарқаралы ауданы ББ басшысы А.С. Елеусізовқа, инклюзивтік білім беру бойынша бас маман М.Е. Искаковаға, Қарақаралы қаласының академик О.А. Жәутіков атындағы № 1 мектеп директоры С.К. Кусаиновқа алғыс білдіреді.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы