home home

«Бұдан әрі баламен ППТК жағдайында жүргізілетін түзету жұмыстарының бағытын анықтау үшін оның психофизикалық жағдайына кешенді тексеріс жүргізу ерекшеліктері»

2018 жылғы 29-наурызда Қарағанды облысы білім басқармасының  (Шахтинск қ.) «№ 1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ «Бұдан әрі баламен ППТК жағдайында жүргізілетін түзету жұмыстарының бағытын анықтау үшін оның психофизикалық жағдайынакешенді тексеріс жүргізу ерекшеліктері» атты семинар - практикум өткізілді. Бұл семинар Қарағанды қаласының ПМПК және ППТК өзара іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыс жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.

Семинар іс-шараның барлық қатысушылары үшін (14 адам) өзекті тақырыпта болды. ППТК мамандары ерекше білім беруге қажеттілігі бар  балаларға арналған жеке-дамыту бағдарламасын әзірлеуде және іске асыруда басым бағыттарды анықтаудағы жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. Дефектолог-мұғалім және медбике – массажист жеке дамыту бағдарламасына ерекше назар аудартты.

Іс-шара рефлексиясын өткізу кезінде түзету кабинетінің жас мамандары тақырыптың маңыздылығы мен әріптестер ортасында туындаған қиыншылықтарды талдау мүмкіндігін атап өтті.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы