home home

Жас ұлан

«Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы елімізде тұңғыш рет 2011 жылы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылған.

Ұйымның басты мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.

Облысымыздағы барлық бала осынау белсенді топтың қатарына енуге талпынады.Бүгінгі таңда облысымыздың 104 мың оқушысы «Жас ұлан», «Жас қыран» ұйымының мүшелігінде.

Бүгін – 2017 жылғы 31 шілдеде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы Қарағанды облысындағы филиалының құрылғанына 5 жыл толып отыр.

Осы атаулы мерекемен облысымыздың барлық «Жас ұландары» мен «Жас қырандарын» құттықтай отырып, Қарағанды облысы білім басқармасының ресми сайтында «Жас ұлан» ұйымының жеке парақшасын ашып отырмыз. Осы парақша өткізілген іс-шаралардың, жеткен жетістіктердің жаршысы болатыны сөзсіз.

 

Жарғысы

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы