home home

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер есебі

 

2017 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі                      № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2015 жылы білім беру аясында 33 мемлекеттік қызмет анықталды. Оның барлығына регламенттер әзірленіп, Әділет Департементінде тіркеуден өтті. Тіркелген регламенттердің барлығы «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» аймақтық газеттерінде жарияланды және басқарманың (www.krg-edu.kz) сайтында орналастырылған.
Қарағанды облысының білім басқармасы 2017  жылдың 3 наурызында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы   іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті  қызметкерлерімен бірлесіп, білім беру саласындағы қызметкерлерге «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер» атты кеңейтілген семинар-кеңес өткізді.
Семинарға облыстық білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандары қатысты.
Семинар-жиналыстың мақсаты: көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын көтеру және білім саласында сыбайлас жемқорлықты тудыратын факторлардың алдын-алу.
Семинарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы  Абдрахманов Е.Ж. баяндама жасады.
Семинар-жиналыс қатысушылардың сұрақ-жауап алмасуларымен аяқталды.
Білім басқармасы басшысының 2017ж. 05.01. №2 бұйрығына сәйкес  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 29 облыстық білім беру ұйымдарында ішкі бақылау жүргізілді.
Ішкі бақылау жүргізу кезінде барлығы 30 қателіктер табылды, оның;
1. 26 – айсайынғы есептің дұрыс құрылмағаны;
2. 4  - басқа да қателіктер.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым тіркелген жоқ.
Білім басқармасы 1 және басқрамаға қарасты білім беру ұйымдары 13 мемлекеттік қызметті көрсетеді.
2017 жылы барлығы 34685 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мамандандырылған мектеп-интернаттар - 1564 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Анықтама:
Бағдарлама коды: 403010. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру (қағаз жүзінде) – 0.
Бағдарлама коды: 403003. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау (қағаз жүзінде) – 1552.
Бағдарлама коды: 403004. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау (қағаз жүзінде) – 2.
Бағдарлама коды: 803006. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (қағаз жүзінде - 9, мемлекеттік корпорация арқылы - 1).

Арнайы-коррекциялық мектеп-интернаттар - 10512 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бағдарлама коды: 402009. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету (қағаз жүзінде) – 6491.
Бағдарлама коды: 402010. Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу (қағаз жүзінде) – 128.
Бағдарлама коды: 403005. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау (қағаз жүзінде) – 309.
Бағдарлама коды: 403011. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету (қағаз жүзінде) -  147.
Бағдарлама коды: 803023. Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру – 3437.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 20 547 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бағдарлама коды: 803002. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру – 2434.
Бағдарлама коды: 803007. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (қағаз жүзінде - 965, мемлекеттік корпорация арқылы-53).
Бағдарлама коды: 803009. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау (қағаз жүзінде) – 14926.
Бағдарлама коды: 803017. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру – 682.
Бағдарлама коды: 803018.  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау – 1487.

Білім басқармасы – 2062 мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бағдарлама коды: 803019. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау– 2062.

Аса қажетті мемлекеттік қызметтер:
1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету (қағаз жүзінде).
2. Кемтар балаларға арнаулы түзеу ұйымдары мен басқа да ұйымдарға медициналық, арнаулы бiлiм және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алуы үшiн жолдама беру.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы