home home

Қарағанды облысы білім басқармасының 2016 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша есебінің аналитикалық анықтамасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі                      № 983 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2015 жылы білім беру аясында 32 мемлекеттік қызмет анықталды. Оның барлығына регламенттер әзірленіп, Әділет Департементінде тіркеуден өтті. Тіркелген регламенттердің барлығы «Орталық Қазақстан», «Индустриальная Караганда» аймақтық газеттерінде жарияланды және басқарманың (www.krg-edu.kz) сайтында орналастырылған.
2016 жылдың 2 наурызында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі  қызметкерлерінің ұйымдастыруымен білім беру саласындағы қызметкерлерге «Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы мәселелер» атты кеңейтілген семинар-кеңес өтті.
Семинарға аудан (қала) білім бөлімдерінің және облыстық білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты мамандары қатысты.
2016 жылғы 07 сәуірдегі №116 «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау бойынша іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» білім басқармасының бұйрығына сәйкес, 2016 жылдың 3 мамыры мен 27 қазаны аралығында 61 облыстық білім беру ұйымдарында  зерделеу жұмыстары өтті.
Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызмет көрсетулерді бақылау бөлімінен «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметі бойынша мерзімі өткен ақпарат түсті. Аталған құжат бойынша мектепке дейінгі, орта және жалпы білім беру бөлімінің бас маманы Ф.Е. Екишеваға ескерту берілді. (2016 жылғы 19 шілдедегі №81 бұйрық).


Білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдары 13 мемлекеттік қызметті көрсетеді.
2016 жылы барлығы 28108 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Мамандандырылған мектеп-интернаттар - 832 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Анықтама:
1. Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру (қағаз жүзінде) – 0.
2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау (қағаз жүзінде) – 815.
3.Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау (қағаз жүзінде) – 4.
4. Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (қағаз жүзінде, мемлекеттік корпорация арқылы) – 13.

Арнайы-коррекциялық мектеп-интернаттар - 6368 мемлекеттік қызмет көрсетті.

1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету (қағаз жүзінде) – 5765.
2. Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу (қағаз жүзінде) – 126.
3. Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау (қағаз жүзінде) – 334.
4. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету (қағаз жүзінде) -  143.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары – 20 908 мемлекеттік қызмет көрсетті.

1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру – 2160.
2. Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру (қағаз жүзінде, мемлекеттік корпорация арқылы) – 711.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарға құжаттар қабылдау (қағаз жүзінде) – 16336.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру – 555.
5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау – 1146.

Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағымдар түскен жоқ.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы