home home

Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналғанДаму бағдарламасын жүзеге асыру туралы есебіне 2015 жылға аналитикалық ақпарат

1) Шешілуіне құжат жолданған проблемалар мен міндеттерді шешу деңгейі жайында ақпарат, құжатты жүзеге асырудың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері (аталған ақпарат құжаттың бағалануын жүргізу жылына кіреді).
Білім беру саласындағы талдау келесі басты проблемаларды көрсетті:

- Қалалардағы балалар кезектілігі.
Облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға кезектілік 35 мыңға жуық баланы құрап отыр. Ең үлкен кезектілік Қарағанды қаласында – 20 мыңнан жоғары бала және Теміртау қаласында – 4 мыңнан жоғары бала.
2015 жылғы қаңтар айынан Приозерск қаласында құрылыс есебінен 200 орынды және Бұқаржырау ауданы Баймырза кентінде балабақшаның босатылған ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу есебінен 160 орынды балабақша ашылды. Әрекет ететін мектепке дейінгі ұйымдардағы бос алаңдарды пайдалану есебінен Қарағанды (255), Сәтпаев (50), Балқаш (275) және Қаражал (25) қалаларында 605 орын ашылды. Қарағанды қаласында мемлекеттік тапсырысты енгізумен 825 орынды жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды: «Әсем-ай» - 75 орынды, «Растем вместе» - 300 орынды, «Баспалдақтар» - 65 орынды, «Ақжарқын» - 320 орынды.  Өткен жылы барлығы мектепке дейінгі1 790 орын ашылды.
- Білікті кадрлар тапшылығы
Қазіргі кезде білікті кадрлар тапшылығы жоқ. Аталған проблема жас мамандарды тарту есебінен шешілуде (2015 жылы облыстың білім беру ұйымдарына 587 маман қабылданды). Педагогикалық кадрлардың тапшылығы болған кейбір аймақтарда зейнеткерлік жастағы тұлғалармен келісім-шарттардың мерзімін ұзарту есебінен шешілген (Балқаш қаласы, Ұлытау ауданы).
- Үшауысымды мектептер саны.
2014 жылдан бастап облыс бойынша үшауысымды оқытуы бар 2 мектеп қызмет етеді (Қарағанды қаласы №101 мектеп-лицейі және Сәтпаев қаласы №16 мектебі).
Проблеманың шешілуі үшін «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша 1200 және 600 орынды екі жаңа мектеп құрылысы басталды, нысандарды пайдаланымға беру 2016 жылы жоспарланып отыр.

2) Құжатты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар орындалысының деңгейін анықтау жөнінде бюджеттік инвестициялардың жүзеге асырылуымен байланысты жолсапар іс-шараларының нәтижелері туралы мәлімет.
Жолсапар іс-шаралары жоқ.

3) Орындалмаған іс-шаралардың аймақта, елде әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайға әсері туралы ақпарат.
Жоспарланған іс-шаралар орындалды.
4) Қайырымдылық көмек алушының қанағаттандырылу деңгейі туралы, соның ішінде жоспарланған мемлекеттік қызметтерден ұсынылған мемлекеттік қызметтердің іс жүзіндегі көлемі деңгейі туралы ақпарат (аталған ақпарат құжаттың бағалануын жүргізу жылына кіреді).
Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтер тізіліміне сай 29 мемлекеттік қызмет анықталды. Оның ішінде білім басқармасының облыстық ұйымдарымен 11 қызмет көрсетіледі. 2015 жылға барлығы 29 330 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
- Облыстың мамандандырылған мектеп-интернаттарымен  473 қызмет көрсетілді.
- Арнайы түзету мектеп-интернаттарымен 5 921 қызмет көрсетілді.
- Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен 22 936 қызмет көрсетілді.
Едәуір сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
- Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың түпнұсқасын беру (қағаз түрінде және ХҚКО арқылы);
- Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестік көмек көрсету.
Есептілік кезеңде мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша арыз-шағымдар түспеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын жақсарту мақсатында, мемлекеттік қызметтерді құқықтық актілерге сай ұсынатын барлық облыстық білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтің сапалы ұсынылуына бақылау жасайтын жауапты тұлғалар бекітілген;
- мемлекеттің қызметтің уақытылы және сапалы көрсетілуіне ай сайын мониторинг жүргізіледі;
- мемлекеттің қызметтің сапалы көрсетілуіне ішкі бақылау жүргізіледі; 
- тұрақты негізде түсіндірме жұмыстары жүргізіледі, мемлекеттік қызметті көсретуге қатысты түсетін сұрақтарға кеңестер беріледі;
- облыстық білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөнінде тексеріс жұмыстары және ішкі бақылау жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметті сапалы көрсету мақсатында, 2015 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп семинар өткізілді. Семинар жұмысына барлық облыстық білім беру ұйымдары мен облыстың аудан мен қала білім бөлімдері қатысты.
Мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттері білім басқармасының сайтында орналастырылған (www.krg-edu.kz).
5) Жүргізілген бақылау іс-шаралары, сондай-ақ мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралары туралы мәліметтер;
6) Түйіндер мен ұсыныстар, соның ішінде құжаттарды түзету, қаржыландыру көлемі мен көздері, қолданыстағы заңнаманың өзгеруі бойыша ұсыныстар.
Қарағанды облысының 2011-2015 жылдарға арналған Даму бағдарламасымен қарастырылған көрсеткіштерге, екі нысаналы индикатор мен бір нәтижелер көрсеткішін қоспағанда, қол жеткізілді: «Балаларды (3-6 жас)  мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен  қамту», «Өткен жылмен салыстырғанда  үш аусымдағы және апатты мектептердің санын төмендету» индикаторлары және «Үш ауысымды және апаттыларды ауыстырумен пайдалануға енгізілген жаңа мектептердің саны».
- «Балаларды (3-6 жас)  мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен  қамту» (жоспар - 98%, факт - 97,5%).
Бүгінгі күнде облыста 196 балабақша, 312 шағын орталық қызмет етеді, 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 97,5 пайызды құрап отыр.
2015 жылы қосымша 1 790 мектепке дейінгі орын құрылды:
- 505 орындық жекеменшік шағын орталықтарының және 320 орындық 1 жекеменшік балабақшасының ашылуы есебінен;
- жұмыс істейтін балабақшалардағы бос алаңдарды қолдану есебінен 605 орын құрылды;
- жаңа мектепке дейінгі ұйымдар құрылысы есебінен және Приозерск қаласында балабақшаның босатылған ғимаратын күрделі жөндеуден есебінен 200 орын және Бұқаржырау ауданы Баймырза кентінде 160 орын құрылды.
2016 жылы Қарағанды қаласында 400 орындық 2 жекеменшік балабақшаның, 120 орындық 2 шағын орталығының және Қарағанды, Жезқазған, Балқаш қалаларында 960 орынды 3 балабақшаның пайдаланымқа берілуі жоспарланып отыр.
Алайда, туылу көрсеткішінің өсуімен байланысты, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдарға тапшы балалардың кезектілігі өсуде. Соңғы 3 жылда кезектілік 35 мың балаға дейін артты.
Сонымен қатар, 2011-2013 жылдар аралығында МЖӘ жобасы бойынша 4760 орындық 15 балабақшаның іске қосылуы жоспарланған болатын. Соның ішінде, Қарағанды қаласында 3 520 орындық 11 балабақша және Теміртау қаласында 1240 орындық 4 балабақша. Алайда, келісім-шарт бұзылды, мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы ғимараттардың босатылуы және республикалық, жергілікті бюджеттерден құрылыс есебінен жоспарлануда.
- «Өткен жылмен салыстырғанда  үш аусымдағы және апатты мектептердің санын төмендету» (жоспар - 0,5%, факт - 0,7%).
Облыста 526 жалпы білім беру мектебі қызмет етеді, оның 2 мектебі – апатты (Ұлытау ауданы Бетбұлақ ауылы және Абай ауданы Құрма ауылы) және үшауысымды 2 мектеп (Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицей және Сәтпаев қаласында №16 мектеп).
Аталған проблемаларды шешу үшін, 2014 жылдан бастап апатты мектептер орнына мектептер құрылысы жүргізілуде: Ұлытау ауданы Бетбұлақ ауылы 80 орындық (ЖБ) және Абай ауданы Құрма ауылы 320 орынды (РБ).
Үшауысымды оқытуды жою үшін, «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы бойынша Қарағанды қалысында 1200 орынды және Сәтпаев қаласында  600 орынды екі жаңа мектеп құрылысы басталды.
Нысандарды пайдаланымға беру 2016 жылы жоспарланып отыр.
«Үш ауысымды және апаттыларды ауыстырумен пайдалануға енгізілген жаңа мектептердің саны» көрсеткіші (жоспар - 1, факт - 0).
2015 жылы апатты мектеп орнына жергілікті бюджеттен Ұлытау ауданы Бетбұлақ ауылында 80 орынды жалпы білім беру мектебін іске қосу жоспарланып отыр.
Алайда, аталған мектеп қаражаттың жоқтығынан пайдаланымға берілмеді. Мектепті іске қосу 2016 жылы жоспарлануда.
Осыған байланысты:
- Ұлытау ауданы Бетбұлақ ауылында және Абай ауданы Құрма ауылында мектептер құрылысын аяқтай отырып, апатты мектептер санын азайту бойынша жұмысты жалғастыру;
- 2016 жылы іске қосумен 1 800 орынды 2 жалпы білім беру мектептерін салу есебінен Қарағанды және Сәтпаев қалаларында үшауысымды оқытуды жою;
- Мектепке дейінгі біліммен қамтуды, соның ішінде мектепке дейінгі  жекеменшік ұйымдарды ашу және МЖӘ дамыту, жұмыс істейтін білім беру ұйымдарының аудандарын оңтайлы пайдалану, бұрынғы балабақшалар ғимараттарын босату есебінен арттыру;
- 2016 жылғы қорытынды бойынша қарастырылған нысаналы индикаторлар мен нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша жұмысты күшейту қажет.

Қарағанды облысы
білім басқармасының басшысы             А. Аймағамбетов
 


 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы