home home

Облыстық білім беру ұйымдарындағы Қамқоршылық кеңестердің қызметтері туралы ақпарат

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында білім беру ұйымдарында тұрақты негізде ата-аналар комитеті мен қамқоршылық кеңестер жұмыс жасайды.
Осылай облыста 450 қамқоршылық кеңес бар, бұл 77,8% (2016 ж.-75,8%) құрайды, оның ішінде 245 ауылдық және 205 қалалық, арнайы түзету ұйымдарында-10, балалар үйінде-9, колледждерде-55 қамқоршылық кеңестер бар.
Республикалық қоғамдық тыңдауларды өткізу тұжырымдамасына сәйкес 2017-2018 оқу жылында ата-аналар қауымымен ашық бұқаралық докладтар оқу жылы бойында әркез демалыс уақытында өткізіледі.
Қамқоршылық кеңес жұмысының негізгі бағыты бұл-әлеуметтік-мәдени, сауықтыру және балалар дамуына ықпал ететін шараларды білім беру ұйымдарында өткізуге көмек көрсету, тәрбиелеу және білім беру  саласында халықаралық ынтымақтастықты орнату мен дамытуға ықпал ету, білім алуға, тұрмыстық жағдайды жақсартуға қолғабыс жасау және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобынан шыққан оқушылардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, білім беру қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстар ұсыну, инклюзивті білім беруге жағдай жасау болып табылады.
Қамқоршылық кеңес өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңдарын, Типтік ережелерді, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының  «Қамқоршылық кеңес қызметін ұйымдастыру» әдістемелік нұсқаулығын басшылыққа алады. Мектеп әкімшілігімен, ата-аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, қызығушылық танытқан ведомстволық және басқа да ұйымдармен өзара ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Қамқоршылық кеңес мүшелері өз міндеттерін өтеусіз негізде атқарады. Отырыс жұмыс жоспарына сай өткізіледі және міндетті түрде хаттама толтырылады.

 

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы