home home

2018 жылдың 1 тоқсанына арналған білім берудегі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы талдау ақпарат

Жалпы өңір бюджетінің 35 % білім беру жүйесіне  тиесілі.

2017 жылғы көрсеткішпен  салыстырсақ, 4,7 миллиардқа артқан, яғни 2018 жылы 98,3 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайды.

Апатты жағдайдағы мектептер саны 0,4% жеткен.  2018 жылы Ұлытау ауданындағы Бетбұлақ ауылында (80 орындық),  Теміртау қаласы  (600 орындық) және Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінде (464 орындық) орналасқан апатты жағдайдағы мектептерді ауыстыру үшін Ұлттық қор есебінен құрылыс жалғасуда.

Қарағанды қаласындағы 3 ауысым мәселесі бойынша 30-шы шағын ауданында (1200 орындық) және  Панель Орталық шағын ауданында (1200 орындық) мектептер құрылысы жалғасуда.

Мектепке дейінгі білім берумен қамтуды ұлғайту және тәрбие мен білім беру сапасын арттыру жалғастырылуда.

Облыста 527 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасауда, оның ішінде 217- сі балабақша,  310-ы  - шағын орталық.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарымен 1 ден 6 жасқа дейін 88,3%, 3-тен 6 жасқа дейін 98,6% балалар қамтылып отыр. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту Қарағанды (97,1%) және Жезқазған (95,8%) қалаларында  облыстық көрсеткіштен төмен.

2018 жылдың наурыз айында 150 орындық 2 шағын-орталық ашылды, 50 орындық шағын-орталық Абай ауданындағы Құрма орта мектебінде және 100 орындық шағын- орталық Теміртау қаласының №22 жалпы орта білім беретін мектебінде.

 Олыстық бюджет қаражаты есебінен Жезқазған қаласындағы 320 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығы мәселесін шешуде негізгі екпін жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу болып табылады.

2018 жылы Қарағанды облысында 2480 орындық 14 мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ашу жоспарлануда, оның ішінде 600 орындық  2 мемлекеттік, 1880 орындық 12 жекеменшік білім беру ұйымдары.

Анықтама: 1) Қарағанды қ. (Пришахтинск, 23 ы.а.) 280 орындық «Солнышко» мемлекеттік балабақшасы;

2) Жезқазған қ. (3 ы.а.) 320 орындық мемлекеттік балабақша;

3) «Магзумова Торгай Сагиндыковна» ЖК (МЖӘ) (Көкпекті с., Садовая 50/1) 90 орындық жекеменшік балабақша;

4) «Фатих Султан» ЖК (Ақсу-Аюлы с.) 50 орындық жекеменшік балабақша;

5) «Шакипов» (ZEDA) ЖК (Қарағанды қ. Гапеев к., 8/4) 50 орындық жекеменшік балабақша;

6) «Мусин» ЖШС «Бала шоқан» (Қарағанды қ., Восток 2 ы.а. 6/2) 120 орындық жекеменшік балабақша;

7) «Зерде сад»  (Қарағанды қ., Көгілдір тоғандар ы.а. 10/1) 300 орындық жекеменшік балабақша;

8) «Аружан» (МЖӘ) (Қарағанды қ., Локомотив к., 127) 250 орындық жекеменшік балабақша;

9) «Ғасыр ұрпақтары» ЖШС «Алтын бесік» (Қарағанды қ. Панель центр ы.а., қалалық әуежай 111/1) 70 орындық жекеменшік балабақша;

10) «Нургалиев Т.А.» ЖШС (Қарағанды қ., 19 ы.а., 45 б) 320 орындық жекеменшік балабақша;

11) "Тоқа -21" ЖШС (Қарағанды қ., 11 квартал 16 үй, бұрынғы «Светлана» балабақшасының ғимараты  100 орындық жекеменшік балабақша;

12) «Нургалиев Т.А.» ЖШС (Қарағанды қ., 19 ы.а., 40 а) 280 орындық жекеменшік балабақша;

13) «Токмурзина Индира Жанузаковна» ЖК (Қарағанды қ. Восток 2 ы.а.) 90 орындық жекеменшік балабақша;

14) "ProfinvestGroup" ЖШС (Қарағанды қ., Тәттімбет к. 16/1) 160 орындық жекеменшік балабақша.

        МЖӘ тетігі шеңберінде 9 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде (оның ішінде 2 балабақша Сәтпаев және Балқаш қалаларында, 2 балалабқша Қарағанды қаласында, 2 балабақша мен 1 бөбекжай Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінде, 1 бөбекжай Шахтинск қаласында)  олар келісу сатысында тұр.

        Облыстың компьютерлік паркі 36 мың дананы құрайды,                                        1 компьютерге шаққанда 5 адамнан келеді. Ескірген компьютер  техникасының үлесі 4 % төмендеген. Робототехника зертханалары бар мектептер саны-200. Кабинеттерді жаңа модификациямен қамтамасыз ету - 69%. Кең жолақты интернетке қосу көрсеткіші - 97%.

Кітапхана қорының есебінен 1-11 сынып оқушыларын оқулықпен қамтамасыз ету  100% құрады.

        Облыстың мектептерінде «Электронды мектеп», «Білім беру робототехникасы», «Инклюзивті және үштілділік білім» инновациялық жобаларын жүзеге асыру жалғасуда.

 Электронды сынып журналына енгізілген мектептердің саны 65-тен 320-ға өскен.

Облыстың білім беру ұйымдарында оқушының үлгерімін, сабаққа қатысуын, ата-аналар қауымдастығын құру және мұғалімдермен өзекті сұрақтарды талқылауға тиімді 2016 жылдан бастап енгізілген «Edu Mark» мобилдік қосымшасы жұмыс істейді.

        Bilimland жобасының аясында облыстың барлық мектептері үш тілде үздік бейне сабақтарын, электронды оқулықтарды, оқу құралдарын оқытуға арналған цифрлы білім беру ресурстарына қосылған.

         2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қарағанды, Жезқазған, Саран, Теміртау қалаларында мектепке дейінгі мекемелерден орын алуда сыбайлас жемқорлық қатерлерін болдырмау мақсатында, Шахтинск қаласында «Мектепке дейінгі балалар ұйымына электронды кезек» жобасы іске қосылды. Жоба балаларды кезекке қоюды ғана емес, балабақшаға жіберу туралы ақпараттарды да автоматтандыруға мүмкіндік береді.

        Үш тілдік білім беруді дамыту бойынша Жол картасы іске асырылуда (50 пилоттық білім беру ұйымы және 5 ресурстық орталық).

Облыста білім сапасын жақсарту аясында, 178 шағын жинақталған мектептере  34 тірек мектеп қызмет етеді.

115 білім беру ұйымдарында «Инклюзивті балабақша - мектеп-колледж» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. 700-ден астам мұғалім инклюзивті тәжірибе бойынша оқытудан өтті. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметтерінде логопедтер, мұғалім-дефектолог, инклюзивті білім берудің үйлестірушісі болып енгізілді.

2016-2020 жылдарға патронаттық қамқорлықты дамытудың Кешенді жоспарын іске асыру бойынша жұмыстар жалғасуда, осыған сәйкес  ата-анасы қамқорлығысыз қалған және жетім 551 балаларды отбасыларға патронаттық тәрбиеге орналастыру  жоспарланған.

2018 жылы 109 баланы патронаттық тәрбиеге беру жоспарланып отыр.

Бүгінгі күні 24 бала патронаттық отбасыларға берілді, оның ішінде 16-сы балалар үйінің тәрбиеленушілері.

Облыста 19 859 педагог қызмет атқарады, оның ішінде 10 526 немесе 53,0% жоғары және бірінші біліктілік санаттарына ие.

Білім берудің жаңартылған мазмұнын енгізілгеннен бастап «Өрлеу» БАҰО АҚ Қарағанды облысы филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында және «Назарбаев интеллектуалды мектептері» АҚ педагогикалық шеберлік орталығында 8 029 (40,43%)  бастауыш сынып, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, дене шынықтыру, бейнелеу өнері педагогтары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша біліктіліктерін арттырды.  2018 жылы 4 454 немесе 77,08% педагог біліктілігін арттыру курстарынан өтеді.

Облыстың жалпы білім беретін мектептерінде жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 2,355 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 587 физика, 467 химия, 621 биология, 680 информатика пәнінің мұғалімдері. 2018 жылы 347 пән оқытушылары В-1, В-2 деңгейінде білімдерін жалғастырады.

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында республикалық бюджет есебінен есебінен жаратылыстану-математика бағытының 308 мұғалімі  ұзақ мерзімді тілдік курстарынан өтті, 98 пән мұғалімдері – ЖБ есебінен оқытылды.

Облыстың 10 мектебінде физика, химия, биология, информатика пәндерін 41 педагог ағылшын тілінде дәріс береді.

2017-2018 оқу жылында 73 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары (одан әрі - ТжКБ) қызмет істейді, оның ішінде, 47 мемлекеттік және 26 жекеменшік.

Облыстың ТжКБ жүйесінде жаңа оқу жылынан бастап модульдік білім беру бағдарламалары іске асырылып отыр. Осындай бағдарламамен оқыған студенттер бір мамандықтың орнына 2-3 мамандыққа ие болады.

«Тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасы бойынша 7 мың студент, ал  өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 700 адам оқытылды.

19 мамандық бойынша 11 колледж аккредитациядан өтті, тағы 3 оқу ұйымы  аккредитациядан өтуге әзірленуде.

Барлық колледждерде «ІТ технология негіздері» бойынша курстар жүргізіледі. «Колледж студенттерінің жеке кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» жобасы, барлық мемлекеттік және 9 жеке меншік колледждерде сәтті іске асырылуда.

Колледждер базасында 23 бизнес – мектеп жұмыстарын жалғастыруда. 5 педагогикалық колледждер базасында үштілділік білім беру аясында кадрлар, 12 колледж базасында – «қызмет көрсету» («сервис») бағыты бойынша  үштілді мамандар даярлануда. 2 политехникалық колледжде үштілділік білім беруді дамыту кафедрасы ашылған.

Дуалды білім беруді енгізу колледждер саны-40.

Кәсіби машықтану сәйкестілігі және халықаралық талапқа сай студеттер құзыреттілігі мен озық технологиялы болуына жағдай туғызу мақсатында, ТжКБ оқу ұйымдарында заманауи оқу орталығы мен жаттығу полигоны бар, 7 WorldSkills құзыретті орталығы ашылды: Қарағанды политехникалық колледжі, Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі, Қарағанды технология және сервис колледжі, Қарағанды кәсіби-техникалық колледжі, Қарағанды тамақтану және сервис колледжі, Қарағанды тау-индустриялық колледжі, Қарағанды агротехникалық колледжі.

Қарағанды ​​облысындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес «Атамекен», «Рухани Казына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» жобаларын басқару жүйесі бойынша төрт кіші бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыруға енетін жобалар мен қосалқы жобалар тізілімдері құрылды.

2018 жылы білім басқармасы 26 млн. теңгеге 50 іс-шара өткізуді жоспарлап отыр, оның ішінде: жалпы білім беру мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары үшін конкурстар, жас туристердің фестивальдері мен кездесулері, педагогикалық жарыстар, облыстың құнды орындарына экскурсиялар, балалар мен жастар ұйымдарын дамытуға бағытталған іс-шаралар.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы