home home

Мемлекеттік сатыпалулар

Нормативті-құқықтық актілер

 


Вернуться назад


16 Мамыр 2016


Қала және аудан әкімдеріне Облыстық басқарма басшыларына Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыларға


«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 34-1 Заңына сәйкес Заңның 33-бабының 6-тармағында және 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қоспағанда, барлық құрылыс объектілерінде міндетті түрде техникалық қадағалау жүзеге асырылады (меншік иесі пайдалануға өз бетінше қабылдайтын техникалық күрделі емес, уақытша құрылыстар).
Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері (тапсырысшылар) бюджет қаражатынан қаржыландырылатын жобаларды іске асыруға техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін нарықта әрекет ететін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы инжинирингтік қызметтер көрсету жөніндегі тиісті аттестаты бар сарапшыларды тартуға құқылы.
Заңның 34-1 бабы 7-тармағына сәйкес тиісті жауапкершілік деңгейіндегі техникалық қадағалауды орындау жөніндегі аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы бар аккредиттелген заңды тұлғалар бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерге техникалық қадағалауды жүргізуге тиіс.
Техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде жүзеге асырады.
Заңның 34-4 бабы 1-тармағына сәйкес әртүрлі бағыттағы объектілердің құрылысы, сондай-ақ автомобиль жолдарын не салынған объектілерді жөндеу кезінде қажет болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылады.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды, ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды орындауға арналған аттестатқа ие, құрамында кемінде үш сарапшысы, сондай-ақ конструктивтік бөлік мамандануы бойынша қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама жасау бойынша аттестатқа ие бір сарапшысы, бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі қызметті жүзеге асыратын инженер-геодезисі бар аккредиттелген заңды тұлғалар жүргізуге тиіс.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлғалар қызметін үшінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілерде жеке жүзеге асырады.
Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуді сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылыс істері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жер ресурстарын басқару комитеті), «Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығымен бекітілген тәртіпте жүзеге асырады.
Сондай-ақ, жоғарыда аталған заңды тұлғаларды аккредиттеу мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне қосылған.
Осылайша, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі 2016 жылғы 12 ақпанда №72 және 2016 жылғы 3 наурыздағы №121 бұйрықтарды қабылдады, олар мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты мен регламентін тиісінше бекітеді.
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аккредиттеу туралы куәлік болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптамалық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі инжинирингтік қызметтерге мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жоғарыда аталған заңнама талаптарын басшылыққа алу қажеттігін хабарлаймыз.
Ақпарат тәртібінде енгізіледі.

Жаңа сайттың дизайнын қалай бағалайсыз?
Өте жақсы
Жақсы
Онша емес
Ескі дизайн жақсы болған
Нашар

Дауыстар мұрағаты


Мекен-жай

Қарағанды қ., Әлиханов к.19, 100008

Телефон

8 (7212) 41 13 19

Әлеуметтік желілер

© 2015 «Қарағанды облысының білім басқармасы» ММ
Сайтты әзірлеу және қолдау: «Creatida» Интернет компаниясы